16
апрель
2025
”МАҚСАТТЫ МЕКТЕП”
Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы бойынша түзілген жоспардың негізінде бүгін 16.04.2025 ж. “Testter.kz”платформасы арқылы
5-сыныптардан тест алынды. Өздеріне артылған жауапкершілікті жақсы түсінген ұстаздарымыз академиялық адалдықты сақтай отырып, жүйелі түзілген кесте арқылы оқушыларымыздың уақтылы тестке кіріп, тапсырып шығуын қадағалауға алып отыр. Білімдерін жоғары деңгейде көрсете алады деген сенім білдіре отырып, оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

