Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
13
май
2025

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ – БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
2025 жылдың 12 мамыр күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Даналық мектебі» жобасы аясында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан қолдау, олармен тығыз қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы берекелі отбасы мәдениетін дамыту болды.
Жиын ата-аналардың бір-бірін таныстыруынан және жылы лебіздер алмасуынан басталды. Бұл – ортақ байланыс орнатуға, сенімді атмосфера құруға өз септігін тигізді.
Кездесу барысында бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер кеңінен қозғалып, ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Тәрбие мен оқытудағы өзара ықпалдастықты арттыру жолдары талқыланып, ата-аналарға әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Ата-аналар бұл кездесуден оң әсер алып, мектеппен тығыз байланыста болудың маңыздылығын атап өтіп, ризашылықтарын білдіріп тарқасты
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив