04
ноябрь
2023
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» қызметін ұйымдастыруы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында 6-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты:
• Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері
• Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету.
• Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару; күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту.
Ата-аналарды түрлі-түсті қағаздармен бас киім жасату арқылы үш топқа бөлдік.
1-топ: Ұлттық мүдде
2-топ: Ар-ұят
3-топ: Талап
Жиналыс барысында Абай Құнанбайұлының «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі мұғалім тарапынан мәнерлеп оқылды; «Балалар – біздің болашағымыз!» тақырыбында баяндама оқылды.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ұсынған орталық міндеттемелерімен таныстырылды. Атап айтсақ, «Даналық мектебі» клубы туралы мағлұмат берілді.
1. «Аталар мектебі»
2. «Әжелер мектебі»
3. «Ағалар мектебі»
4. «Жеңгелер мектебі» клубтарын құру туралы ұсыныстар жасалды. Ата-аналар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Жиналыс барысында ата-аналарға қызықты тапсырмалар берілді. Олар «Бақытты отбасы қандай болу керек?» тақырыбында постер құрастырды. Әр топ тақырып бойынша постерлерін қорғап шықты.
Сергіту сәтінде Жолдасбек Абдихановтың «Менің әкем-ең жақсы адам» өлеңін хормен айтты. Ата-аналар көтеріңкі көңіл күйде отырды.
Ұлттық құндылықтар бойынша сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Ата-аналар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп отырды.
Ата-аналардың әрқайсысы өз балаларына хат жазып , хаттан ұшақ жасап, хаттарын ұшырды. Сынып жетекшілері балаларының хаттарын жеткізуге уәде берді.
Қорытындылай келе, ата-аналар «Жеке тұлғаны» қалай қалыптастыруға болады тақырыбында диаграмма толтырып қалдырды. Ата-аналар жиналысқа белсене қатысты, өз ойларымен бөлісті. 6 «Ә» сыныбының ата-анасы Төлебаева Ләйлә мен 6 «А» сыныбының ата-анасы Гафурова Ирисай өздерінің тарапынан қыздарға қолөнер сабақтарын өтуге, жеңгелер клубына қатысуға ұсыныс жасады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Қуанышбековна ата-аналарға «Ұлттық құндылықтар» туралы жалпы тоқталып, Үштік одақта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.







