Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум өтті
06
апрель
2023

Мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум өтті

2023 жылдың 06 сәуір күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сыныптарында ерекше  білім беруге қажеттілігі бар, оқыту мен мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға олардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп, қолдау және ата-аналарға қажетті кеңес пен ұсыныстар беру мақсатында психологиялық-педагогикалық консилиум өтті. 

Педагогтермен бірге  психолог, дефектолог, логопед , әлеуметтік педагог мамандары жиналған консилиумда диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының нәтижелері талданды. Ата-аналарға оқушының дамуы, денсаулығы мен  білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасалынып, ұсыныстар беріілді. Консилиум қаулысы бойынша 4 оқушы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсынылды, қалған оқушыларға педагогтер тарапынан жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін қажетті жағдайлардың  қамтамасыз етілуі міндеттелді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив