06
апрель
2025
ОҚУШЫЛАР «ЖЕЛАЯҚ» ФИЛЬМІН КӨРДІ
ОҚУШЫЛАР «ЖЕЛАЯҚ» ФИЛЬМІН КӨРДІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі 05-1-05/2996-И хатына сәйкес, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарының оқушыларына «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасы ұсынған «Желаяқ» атты толықметрлі анимациялық фильмі көрсетілді.
«Желаяқ» – шытырман оқиғалар мен қиял-ғажайыпқа негізделген анимациялық туынды. Фильмнің ұзақтығы – 1 сағат 8 минут. Туындының басты кейіпкері – Әлем есімді бастауыш сынып оқушысы. Оның ата-анасы – зерттеуші ғалымдар. Бір күні Әлем ата-анасының зертханасына байқамай кіріп кетіп, ғылыми тәжірибе нәтижесінде күтпеген жерден ерекше қабілетке ие болып, желаяққа айналады. Осы сәттен бастап оқиға желісі шиеленісе түседі: Әлем түрлі қиындықтармен бетпе-бет келеді, антагонист кейіпкерлер пайда болады, ал ол өз қабілетін тек өз пайдасы үшін емес, жақсылық жолында қолдану қажеттігін түсінеді. Туындыда батылдық, адалдық, отбасылық құндылы
қтар, ғылымға қызығушылық сияқты тақырыптар кеңінен көрініс табады.
қтар, ғылымға қызығушылық сияқты тақырыптар кеңінен көрініс табады.