Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2025» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
05
май
2025

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2025» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2025» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
📍 Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын насихаттау, мектептегі тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл, кәсіби біліктілігі жоғары сынып жетекшілерді анықтау мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Калима Абдикаримовнаның ұйымдастыруымен «Үздік сынып жетекші – 2025» мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауға 5–7 сыныптар арасында қызмет атқаратын сынып жетекшілері қатысты.
📚 Байқау үш кезең бойынша өткізілді:
1. «Менің сыныбым – мақтанышым» атты алғашқы кезеңде қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басым бағыттарын негізге ала отырып, сыныбындағы ұйымшылдық, оқушылардың жетістігі, тәртіп пен жауапкершілік, әлеуметтік белсенділік, ұлттық құндылықтарға деген құрмет, эмоционалдық ахуал, ата-анамен байланыс сынды өлшемдер бойынша дайындаған презентацияларын қорғады.
2. Екінші кезеңде педагогтер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша берілген тест сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сарапқа салды.
3. Үшінші кезеңде қатысушыларға педагогикалық жағдаяттар ұсынылып, сол мәселелерді кәсіби тұрғыдан шешу жолдары талданды.
🔎 Байқау үміткерлерінің өнерін бағалап, әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында:
мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.А.Досалиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Н.Шланбекова, әлеуметтік педагог – Ж.Н. Мылтықбаева, мектеп психологі  А.А.Семихвостова болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив