Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
06
май
2025

«ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымын сіңіру және адал еңбектің маңызын түсіндіру болып табылады.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы құқықтық нормалардың мәнін саралады. Сонымен қатар олар құқықбұзушылықтың салдары мен оның жеке тұлға өміріне тигізер кері әсері туралы толғанып, өз көзқарастарын ашық білдірді.
Бұл шығармашылық жұмыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікті сезінуге, жеке мақсаттарына жету жолында табандылық танытуына ықпал етті. Эссе жазу арқылы оқушылар адал еңбектің қадірін түсініп, өз өміріндегі табысты тұлғаларды үлгі ете отырып, болашаққа сеніммен қарауға үйренді.
Жалпы алғанда, бұл шара жас ұрпақтың бойында заңға құрметпен қарау, құқықтық сауаттылықты арттыру және адал еңбек етуге деген ұмтылысты дамыту бағытында маңызды қадам болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив