10
апрель
2025
«СУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
2025 жылдың 10-сәуір күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қ.Искакова 3 "Б" сынып оқушыларымен «Су – денсаулыққа пайдалы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу, сондай-ақ тіл байлығын арттырып, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту болды.
Ашық сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті.
Оқушылар судың адам өміріне маңыздылығы туралы өз ойларын ашық айтып, бір-бірімен пікір алмасты. Тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың танымдық қабілеттері мен сөйлеу дағдылары дамытылды.
Сабақтың соңында мұғалім мен оқушылар сабақты бірлесе қорытындылап, судың тек шөлді қандыратын сұйықтық қана емес, адам ағзасына қажетті, табиғаттың баға жетпес байлығы екеніне көз жеткізді.
Г.Қ.Искакова өткізген ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті. Сабақ оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, оларды табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын ұстануға баулыды.
