Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ
01
февраль
2023

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

2023-жылдың 28-қаңтар күні әріптестеріміз өздерінің оқыту тәжірибесін жетілдіруге арнады. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Матаева Сәуле Романовна мен Нуржаутов Сакен Даутбековичтің «Мектептегі сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбындағы вебинары арқылы мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу үдерісінің қадамдарымен танысты. 
Сабақты зерттеу тәжірибесі - мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды жұмыс. 
Сабақты зерттеу арқылы мұғалімдер арасында тәжірибемен алмасу, әріптестермен сапалы кәсіби қарым-қатынас жасау, сабақты бақылау дағдылары, сабақты бірлесіп жоспарлау процесінде әріптестерімен ынтымақтастығы, жаңа педагогикалық техникалар мен стратегияларды меңгеруі, оқу процесін терең түсінуі, сабақтың нәтижелерін ескере отырып, тиімді жоспарлау дағдылары дамитынына көз жеткізді. Мұғалімдер теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып бойларына сіңірді. Алдағы іс-әрекеттерін жоспарлап, зерттеуге деген ішкі уәждері артты. 
Ізденімпаз, өзіне талап қоя білетін, рухы биік, даралық сапалары жетілген әріптестерімізге шығар шыңдарыныз биік болсын дейміз! Әр қадамдарыңызға СӘТТІЛІК серік болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив