21
апрель
2022
Ф.У.Тейлордың ғылыми менеджменттің принциптері мен тәсілдері.
Қазақстанның инновациялық экономикасының қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқару және нарықтық құрылымдар жүйесіндегі сияқты білім беру мекемелерінде де ұйымдастырушылық, басқарушылық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мазмұны толығымен өзгеріп жатыр. Осы орайда, Педагогикалық шеберлік орталығының «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсында оқып жүріп, маған ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тейлордың менеджментті басқарудағы ұстанымдары мен қағидалары ерекше ұнады. Сондықтан, оның қағидаларын өміріме серік етуді мақсат тұттым. Сонымен, «менеджемент» ұғымына қысқаша тоқтала кетер болсам. Алдымен, «Менеджмент» дегеніміз не?» – деген сұрақты өзімізге қойып көрейікші. Оған былай анықтама беретін едім. Яғни, «менеджмент» ұғымы қарапайым тілмен айтқанда «басқару» деген мағынаны білдіреді.

Дәл сол «менеджмент» ұғымының негізін салушыларының бірі Ф.У.Тейлордың «Ғылыми менеджменттің принциптері мен тәсілдері» деген басты еңбегімен танысып, өзіме қажетті көп ақпарат алдым. Тейлор басқару менеджментінің төрт қағидасы ретінде мыналарды қарастырады. Біріншіден, практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол «басқаруда да, көпір салуда да асқан дәлдік керек»,- дейді. Кез келген істі бастағанда, ғылымға сүйене отырып, ғылыми зерттеуден өткізіп қарастыруды айтады. Екіншіден, жұмысшыларды ғылыми критерийлері бойынша таңдап, оларды кәсіпке бейімдеу, жұмысшылар арасында жағымды психологиялық орта мен кәсіби қарым-қатынас мәдениетін орнатуға баулу. Үшіншіден, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық орнату. Төртіншіден, еңбек етуде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Тейлордың қағидаларынан түйгенім, менеджерлер жұмыста ұжымды ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, жоғарыда айтып өткенімдей, менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол үшін педагогикалық менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын айтуға болады.

Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді біріктіре, жұмылдыра білу. Барлық қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығушылығын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту.