08
апрель
2025
ӨЛКЕНІ ТАНЫП, ТАРИХТЫ БАҒАЛАДЫҚ
ӨЛКЕНІ ТАНЫП, ТАРИХТЫ БАҒАЛАДЫҚ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары өлкетану мұражайына қызықты экскурсия жасап қайтты.
Бұл танымдық сапар балаларға өз туған өлкесінің тарихын, мәдениетін және табиғи байлығын тереңірек танып-білуге тамаша мүмкіндік сыйлады. Мұражай ішіндегі құнды жәдігерлер мен қызықты экспонаттар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін оятты.
Оқушылар ежелгі артефактілерді қызығушылықпен тамашалап, өлкеміздің бай тарихи мұрасымен танысты. Әртүрлі дәуірлерге жататын тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киімдер мен сәндік қолөнер бұйымдары балалардың зор қызығушылығын тудырды. Олар экспонаттар арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени өмірінен сыр шерткен тың мәліметтерге қанықты.
Осындай тағылымды шаралар балалардың білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай, оларды елін, жерін сүюге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.
«Туған өлке тарихы» үйірмесінің жетекшісі: Г. Капбарова.
и ещё 4