Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «АҚБОТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18
март
2025

«АҚБОТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«АҚБОТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 26 ақпан мен 03 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағытта ұйымдастырылған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл маңызды шара оқушылардың гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, тіл білімі және басқа да пәндерге тереңірек үңілуге ынталандыру мақсатында өткізілді. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 1-10 сынып оқушылары қатысты.
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінен аталмыш олимпиадаға 112 оқушы қатысып, олардың арасында үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар марапатталды. Нәтижесінде, 1-орынды 34 оқушы, 2-орынды 31 оқушы, ал 3-орынды 47 оқушы иеленді. Мектеп директоры Сихамбекова Ж.А. оқушылар мен олардың жетекшілерін зор жетістіктерімен құттықтап, дипломдарын табыстап, болашақта жаңа белестерді бағындыруға тілек білдірді.
Бұл олимпиада оқушылар үшін үлкен мүмкіндік болып, олардың зияткерлік қабілеттерін одан әрі шыңдай түсуге септігін тигізді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив