06
май
2025
"ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН"
"ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН"
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты тағылымы терең, рухты көтерер патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар майдан даласында жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен аталарымыздың даңқты жолына тағзым етіп, Отан үшін от кешкен батырларымыздың рухына құрмет көрсетті. Жеңіс күнінің мәні мен маңызын терең ұғындыру мақсатында патриоттық әндер шырқалып, соғыс тақырыбындағы әсерлі өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, сол бір сұрапыл жылдарды көз алдымызға әкелген сахналық көріністер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мектеп оқушылары өз өнерлері арқылы өткенге тағзым етіп қана қоймай, бүгінгі бейбіт өмірдің бағасын біліп, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Шараға ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар да қатысып, өскелең ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттердің нығайып келе жатқанын мақтанышпен атап өтті.
Іс-шарада мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталып, жас буынды елге, жерге деген сүйіспеншілікке, бейбітшілікті қадірлеуге шақырды. Ол өз сөзінде ардагерлердің ерлігі мен жанқиярлығын үлгі ете отырып, мұндай шаралардың өскелең ұрпаққа тәрбиелік әсері зор екенін атап өтті.
Бұл – тек өткенді еске алу емес, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ерлік пен елжандылық қасиеттерін сіңіру жолындағы маңызды қадам. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, тарихтың әр бетінде алтын әріптермен жазылып қалмақ.



