13
март
2025
«ҰЛЫ ЖЕҢІС, ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ
«ҰЛЫ ЖЕҢІС, ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ
2025 жылдың 13 наурыз күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы Отан соғысының жеңісіне 80 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс, Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шара Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2025 жылғы 14 ақпандағы №10-08-07\083 хаты негізінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту, соғыс жылдарында Қазақстаннан шыққан батырларды еске алу, ҚР Қарулы Күштерінің позитивті имиджін қалыптастыру, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және армия қызметіне қызығушылықты арттыру болды.
Шараға арнайы шақырылған қонақ – №66-98 әскери бөлімінің рота командирі, тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары, лейтенант Данабекұлы Еламан мырза оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. 10-11 сынып оқушылары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әскери қызметтің маңыздылығы мен болашағы туралы құнды мәліметтер алды.
Бұл тағылымды кездесуде оқушылар ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсініп, елін қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың жүрегінде патриоттық сезімді оятты.

