17
февраль
2025
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
2025 жылдың 14 ақпанында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақстанның жауынгерлік мәдениеті» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Бұл іс-шара Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының 2025 жылғы 4 қаңтарындағы Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің №4\14417-002\64 және №107\1 хатының негізінде ұйымдастырылды. Ашық сабаққа 10 «Ә» және 10 «В» сынып оқушылары белсене қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін қалыптастыру, жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау және оларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.
Ашық сабақ оқушыларды сапқа тұрғызудан басталды. Командир орынбасарлары оқушылардың дайындық деңгейі туралы баяндама жасап, олардың сыртқы әскери киім үлгісін тексерді. Іс-шараның салтанатты бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.
Сабақ барысында оқушыларға тақырып таныстырылып, оның маңызы мен мақсаты түсіндірілді. «Қазақстанның жауынгерлік мәдениеті» тақырыбында арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Сабақ барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі жан-жақты жауап берді.
Ашық сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылармен пікірталас ұйымдастырылып, олардың ой-пікірлері тыңдалды. Оқушылар өзара сұрақ-жауап алмасып, тақырып бойынша өз түсініктерін ортаға салды.
Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Н. Шланбекова мен тарих пәнінің мұғалімі Қ. Түлкеев қатысты. Жалпы, «Қазақстанның жауынгерлік мәдениеті» тақырыбындағы ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толықтай жетті.
и ещё 5
Все реакции:24Вы, Багила Айтбаева, Нұркен Тоқаев и ещё 21