15
апрель
2025
«АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» АТТЫ ӘН БАЙҚАУЫ
2025 жылдың 15 сәуір күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, ерлік пен батырлықтың символына айналған қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай №144 жалпы орта білім беретін мектебінде «Айбынды жастар – Тәуелсіздік тірегі» атты патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін қалыптастыру, Отанды сүюге тәрбиелеу және дарынды оқушыларды қолдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Аталған байқауға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Д» сынып оқушысы Резепова А.Р. қатысып, өз өнерімен көрерменнің жүрегінен орын алып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жас өнерпаздың әсерлі орындауы мен сахна мәдениеті әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Мектеп директоры Ж.А. Сихамбекова жас әнші қызымыздың бұл жетістігін ерекше атап өтіп, оны шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, болашақта ән арқылы елінің атын әлемге паш ететін, сахна төрінен көрінетін бұлбұл әнші болуына тілектестік білдірді.
Бұл байқау оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп, патриоттық тәрбие берудегі маңызды іс-шаралардың бірі ретінде есте қалды.

