Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
21
апрель
2025

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» САЙЫСЫ

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» САЙЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылғы 3 наурыздағы №21-03-04-05/437 хатының негізінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2025 жылдың 18 сәуір күні №142 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас құтқарушылар» атты қалалық сайыс өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздік ережелерін үйрету, өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және жас ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін арттыру.
Сайысқа Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас құтқарушылар» үйірмесінің оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара аясында ән байқауы, сурет байқауы, өрт сөндіру эстафетасы, қайықпен құтқару, қанат жаю секілді номинациялар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету сайысында мектебіміздің оқушысы Айбекқызы Сабина ерекше көзге түсіп, қойылған он сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп, жоғары нәтиже көрсетті.
Ән байқауына 8 «Д» сынып оқушысы Резепова А.Р. қатысып, өнерімен тәнті етіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
«Жас құтқарушылар» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор тәжірибе алаңына айналды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив