19
март
2025
МЕКТЕБІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
МЕКТЕБІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының 27.02.2025 жылғы Төтенше жағдайлар департаментінің 21.02.2025 жылғы №21-03-15-08\370-И хатының негізінде Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жер сілкінісі, су тасқыны, өрт» тақырыбында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың негiзгi мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу; Қажетті теориялық
білімдер, практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; Өзін-өзі қорғай алатын, күнделікті тыныс тіршіліктен хабардар, сезімтал, жан - жақты тұлға тәрбиелеу.
білімдер, практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; Өзін-өзі қорғай алатын, күнделікті тыныс тіршіліктен хабардар, сезімтал, жан - жақты тұлға тәрбиелеу. Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылар мен қызметкерлер толық қауіпсіз аймаққа (мектеп ауласына) эвакуацияланды, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, сыныпта қалған оқушылар құтқарылды.
10-сынып оқушылары кезекшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және алғашқы көмек көрсету топтарына бөлініп, жаттығуға қатысты. 1-11 сыныптар арасында төтенше жағдайлар бойынша тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 3-4 сыныптар қабырға газеттерін шығарса, 10-11 сыныптар қорғаныш құралдарын пайдалану және жарақаттанғандарды тасымалдау бойынша эстафеталық сайыстарға қатысты.
Іс-шара соңында АӘД пәнінің мұғалімі Ш.Ф. Исатаев жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстауы, әрекет ету тәртібі түсіндірілді және оқу-жаттығудың сәтті өтуіне орай өз алғысын жеткізді.