12
апрель
2023
“ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 04.04.2023 жылғы №21-03-02-06/333-21 хаты негізінде Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығының 07.04.2023 жылғы №342 хатына сәйкес Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында 1-11 сыныптың сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізліп, бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай орын алған уақытта қауіпсіздік шараларын жасау керектігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты — қажетті теориялық білімдер, практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу. Оқушылардың өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу жән оны іске асыру. Оқушыларға «Біз табиғаттың кішкене ғана бөлшегі» екенімізді айту, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу.

