Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
07
апрель
2023

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бала үшін бас ұстаз - ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу жауапты іс. Баламен сырласу, қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын атқаруда мектептегі тәрбие жұмысының нәтижесі ата-анамен бірлескен әрекетінен көрінеді. Осы ұстаныммен 2023 жылдың 5-7-сәуір күндері Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде сыныпаралық 1-11 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. III тоқсанның қорытындысы;
2. Баяндама “Ораза ұстау: міндет пе, індет пе?”;
3. “Интернет ресурстарындағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері” (ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңын түсіндіру);
4. Ата-аналар мен мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылықтарын  арттыру және алаяқтықтың алдын алу;
5. “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жасау;
6. Әр түрлі мәселелер.
Ата-аналар жиналысына қатысқан ата-аналармен сынып жетекшілер түрлі тренингтер өткізіп, мәселелерге арнайы тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар сұрақтарына сынып жетекшілермен қатар мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері жауап берді. Сондай-ақ, беймезгіл уақытта ата-анасы мен заңды өкілдерінсіз көшеде, тамақтанатын және ойын-сауық орындарында, мешіттерде жүрмеу, жол ережесін қатаң сақтау туралы түсіндірілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив