Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
12
ноябрь
2022

Ата-аналар жиналысы

Саналы ұрпақ тәрбиелеуде мектеппен қатар ата-ана рөлінің маңызы зор. Сол себепті де, ата-ана мен мектеп ұстаздары арасында тығыз байланыс орнату, бірігіп жұмыс жасау, түсіністік өте маңызды.
Осы орайда, 2022-жылдың 12-қарашасында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп-ата-ана-бала арасындағы байланысты нығайту мақсатында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Пікірталастың мақсаты бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне мектеп пен отбасының күш-жігерін біріктіруге ұмтылу болды. Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Әбдіразаққызы ата-аналар алдында сөз сөйледі. Ол ата-аналарды өздерінің жетістіктері туралы, әрбір ересек күнде кездесетін қиындықтар туралы ойлауға шақырды. Ата-аналар жиналысын өткізудің жаңартылған форматы ата-аналарды мектеппен  ынтымақтастықты нәтижелі етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жаңа форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Досалиева Фатима Амангелдіқызы оқушылардың бойынша балаларының білім сапасымен, тәртібімен танысып, сонымен қатар мектеп психологымен сөйлесіп, ой бөлісті. Мектеп психологы Момбаева Қаракөз Қадырбекқызы балалардың мектепке дайындығын психологиялық зерттеу нәтижесімен бөлісіп, ата-аналарды әрқашан балаларының жанында болуға шақырды. Диалог барысында ең бастысы отбасы мен мектеп арасында алтын көпір орнату, ортақ мақсат, ынтымақтастық жолдары мен тәсілдерін анықтау болды. Ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жаңа форматта өткізілуі, ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, балаларының мектептегі тәртібін жеке танып білуге, әр пән мұғалімімен байланысты нығайтуға қосар үлесі зор екендігін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив