Школа №30
Телефоны приемной:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна мектебімізде оқу-тәрбие жұмысының 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстарының нәтижесі туралы ата-аналар алдындағы есебі
27
май
2020

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна мектебімізде оқу-тәрбие жұмысының 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстарының нәтижесі туралы ата-аналар алдындағы есебі

Шымкент қаласының білім басқармасы қала әкімі М.Әйтеновтың             2020 жылғы 21 ақпандағы №25 хаттамасындағы 1.2.3. «Әкімдердің халық алдындағы есептеріне ұқсас жартыжылдық негізде мектеп директорларының оқушылардың ата-аналары алдындағы есептілігін енгізу қамтамасыз етілсін» деген тапсырманың орындалуына орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна мектебімізде оқу-тәрбие жұмысының 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстарының нәтижесі туралы ата-аналар алдында есеп берді.
       Мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна 26.05.2020 жылы сағат 13.30 да ата-аналар алдында өз есебінде толық және нақты мәліметтерді пайдалана отырып айтып өтті. Мектеп басшысының есебін тыңдауға 1-4,     5-9,10-11 сынып ата-аналар комитетінің төрағалары мен қамқоршылық кеңестің төрағасы қатысты. 
       Мектеп директоры З.Х.Сапаркулова өз есебінде ата-аналарға төмендегідей ақпараттарды жеткізді;
-мектеп басшысының атқарған қызметі туралы, білім берудің сапасы, өткізілген іс-шаралар туралы, педагог қызметкерлердің сандық сапалық құрамы,жыл бойына өткізілген ата-аналар жиналыстары, білім алушылардың пән олимпиадаларына қатысып, жеңімпаз аталған оқушылар мен ұстаздар туралы, ҰБТ- ның қорытындысы, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер турады және IV тоқсан бойынша қашықтықтан оқыту барысында жүргізілген іс-шараларға тоқтатылып өтті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбсыларға мектептеп тарапынан көрсетілген көмектерге нақты тоқталды.
       Мектеп басшысы сөз соңында мектебімізде жыл бойы өткізілген әрбір іс-шара «facebook», «instagram» парақшаларына және мектеп сайтында тіркеліп, жарияланып  отыратындығы туралы мәлімдеді. 
Жиналысқа қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жаз айларында балалардың жақсы демалуына тілектестігін білдірді. 
       Жиналыс өз дәрежесінде өтті, мектеп басшысының жартыжылдық есебі «facebook» парақшасына жарияланып, барлық ата-аналар тобына таратылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив