Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
28
декабрь
2022

ҚАУІПСІЗ КАНИКУЛ


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Шәріп Асқар Рысбекұлы мен Еңбекші аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Бүркітбай Санжар Есенжанұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесуде жаңа жылдық мерекеде отшашуларды, пиротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды екенін түсіндірді.  Оқушыларға өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігін  көрсетіп, жаднамалар таратты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив