Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Наурыз– бірлік пен ізгіліктің мерекесі
22
март
2022

Наурыз– бірлік пен ізгіліктің мерекесі

Наурыз– бірлік пен ізгіліктің мерекесі
Көгілдір көктеммен бірге келетін – Наурыз түркі халықтарының ұлық мейрамы. Жыл басы саналатын осынау мерекені халқымыз зор ықыласпен қарсы алып, асыр сала тойлайтыны белгілі. Наурыз мерекесі Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.  Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық киімдер киген ұстаздар мен оқушылар «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткен мерекелік шарада бас қосып,  ұлық мейрамды ұлықтады.
Алдымен жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна құтттықтап, игі тілектерін жеткізгеннен кейін, ұл-қыздар би билеп, ән шырқады, жырдан шашу шашты. Әсіресе «Қаражорға» биі мерекелік думанның мәнін одан сайын арттыра түсті. Мерекеде мектебімізде Үмітжан апамыздың немересін мектеп директоры тұсауын кесіп, «Тұсаукесу» қазақтың салт-дәстүрін көрсетті. 
Әрине, наурыз мерекесі «наурыз көжесіз» қалай болмақ? Соңында мектеп оқушыларының ата-аналары дайындаған ұлттық тағамнан үлкен-кіші ауыз тиіп, ата-апалар ақ баталарын арнады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив