08
декабрь
2021
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте 08 желтоқсан күні «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылуында шашу шашылып, мектеп оқушылары ән айтты
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте 08 желтоқсан күні «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылуында шашу шашылып, мектеп оқушылары ән айтты, күмбірлетіп күй тартты, мәнерлеп өлеңдер оқыды, сондай-ақ қазақ тілінің даму тарихы жайында баршамызға ой салатын көрініс көрсетті. Ашылу салтанатын қазақтың рухын көтеретін Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Атамекен» әнімен аяқтап, сөз соңында мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшілері мен ұстаздарына онкүндікте сәттілік тілеп, ашылудың өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті.