11
апрель
2023
"БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ" - атты акциясы өтуде
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 27 наурыз-10 сәуір аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымдағы акциясы өтуде. Мектеп инспекторы Алимов И., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Оспанова К.А. мен Скендирова Г.С. оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер жолағындағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде асыра білуге үйрету мақсатында оқушылармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, “Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстырып, жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеп, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.









