Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
11
сентябрь
2023

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қала аумағында іске қосылған азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі бойынша Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде сейсмикалық жер сілкінісі, су тасқыны және өрт жағдайы болған жағдайда оқу жаттығу дайындық іс-шарасы өткізілді. 
Оқу-жаттығудың негiзгi мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу; 
Қажетті теориялық білімдер, практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; 
Өзін-өзі қорғай алатын, күнделікті тыныс тіршіліктен хабардар, сезімтал, жан - жақты тұлға тәрбиелеу.
Сағ.09-00-де дабыл жүйесі іске қосылып, мектеп ғимаратынан қызметкерлер мен оқушылар қауіпсіз аймаққа (мектеп ауласына) эвакуацияланды. Жаттығу барысында оқушылар мен мектеп ұжымы эвакуацияланып, құтқарушылар мен санитарлық топтардың іс әрекеттері практикалық түрде көрсетілді.
Жер сілкінісі, өрт оқиғасы орын алған жағдайда ғимарттардың құлауынан шығу жолдарының жабылуы, баспалдақтың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. 
Оқу-жаттығу жұмыстары сәтті өткізілді. Іс-шара соңында АӘД пәнінің мұғалімі Ш.Ф. Исатаев жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстауы, әрекет ету тәртібі түсіндірілді және оқу-жаттығудың сәтті өтуіне орай өз алғысын жеткізді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив