Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
06
февраль
2023

«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС АЙЛЫҒЫ»

«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС АЙЛЫҒЫ» сейсмикалық жаттығулар, эвакуациялық жинау іс-шаралары өткізілді. 
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік  орталығы мен Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының №21-03-19-2-1/3-И шығыс хатына және 2021-2025 жылдар арасындағы бекітілген перспективалық жоспарға сәйкес Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер оқыту хабар беру және білімді насихаттау мақсатында сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Мақсаты: төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс қалай әрекет жасау керектігін үйрету. 
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оқушылар мен ұстаздардың, мектеп ұжымының өзін-өзі қорғаудағы теориялық білімі мен практикалық дағдылары біршама болса да қалыптасты. Әр түрлі қауіпті жағдайлар туындаған кезде болатын сауалдарға жауап алып, эвакуация жолдарын үйренді.
Іс-шара барысында сейсмикалық жаттығулар, тәрбие сағаттары, викториналар, конкурстар (қабырға суреттері, плакаттар), спорттық эстафеталар ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар Төтенше жағдай кезінде қандай іс-қимылдар жасау керектігі мен өмір қауіпсіздігі шараларымен тәжірибе жүзінде танысты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив