Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
25
апрель
2023

«МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді. Осыған орай Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазіргі  таңдағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, оқушы жастардың бір-біріне жасаған зорлық-зомбылығы, қатігездігі белең алуына байланысты балалардың бойындағы қатыгездікті, өшпенділікті жойып, бір-біріне деген мейірімділігін арттыру, достық, бауырмашылдық қасиеттерін арттыру мақсатында «Мейірімділік-жүректе» жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
♦Ата-аналар қауымдастығын нығайту;
♦”Мейірім-жүректен” тақырыбындағы айлық жоспарымен таныстыру;
♦Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау;
♦Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты дұрыс жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту;
♦ Әртүрлі мәселелер.
Жиналыста мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы «Мейірімділік-жүректен» айлық жоспарымен таныстырып, ата-аналардың балаларға тәрбие беру барысында мейірімділіктің алар орны жайлы, оларды мейірімді болуға, қайырымды болуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуіміз керектігі жайлы сөз етілді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, жеке басына тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмірқауіпсіздігін сақтау мақсатында, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу  бойынша ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі қандай екенін білу мақсатында «Мейірімділік-жүректен» тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын айта отырып бейнероликті талқылап, сауалнамалар толтырылды.























Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив