08
февраль
2023
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ
Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы — қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі.
Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Қыз тәрбиесі-ертеңгі ұлт тәрбиесі. Осы орайда бүгін Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 9-11 сыныптың оқушы қыздармен еркін форматта кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы және «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Бардакова Лилия Владимировна, Суесинова Нагима Жайдаққызы, мектебіміздің педагог-психологы Момбаева Қаракөз Қадырбекқызы қатысып, оқушы қыздармен ашық пікірлесті. Кездесу барысында келген қонақтар қыз тәрбиесі, қыздар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы, қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, адалдық, әдептілік, сыпайылық, имандылық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтау сияқты тәрбиелік мәні зор жан-жақты мағлұмат беретін баяндама оқыды, қыздар тарапынан қойылған барлық сауалдарға жауап беріп, қыздарға аналық ақыл кеңес берді. Мектеп психологы қыздарға арнап мектеп пен үйдегі тәрбиеге байланысты бейнероликтер көрсетті және көңіл-күйді көтеруге, өз бойындағы қобалжу жағдайларын бәсеңдетуге арналған тренинг жаттығуларын өткізді. Жиын соңында оқушы қыздар қонақтарға өз алғыстарын білдірді.