22
февраль
2023
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды. Осыған орай, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова, мектеп инспекторы, сынып жетекшілер мен ата-аналар қатысты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күресті қоғам болып жүргізу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар құқық қорғау органының қызметкерімен құқықтық сауаттылық пен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, ойынқұмарлықтың, буллингтің алдын алу.
___________________________________________________






