10
апрель
2023
"БІЛГЕНГЕ МАРЖАН!" СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ
Мақсаты: Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі #1008 Жарлығымен бекітілген ЖҰЖ-дың 55 тармағына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде бекітілген қазақ тілінде, орыс тілінде жақсы білетін балаларды тәрбиелеу жөнінде 2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары негізінде, 2023 жылғы 28 ақпанындағы #181 бұйрығына сәйкес білім беру мекемелерінде "Тіл мен тарих - ғасыр өсиеті" тақырыбына іс-шаралар ұйымдастыру.
Ораз Жандосов атындағы #30 ЖОББМ "Тіл мен тарих - ғасыр өсиеті" тақырыбындағы онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С. Пернебай мен С.Б. Тұрлыханның ұйымдастыруымен 2 "Г" және 4 "Б" сыныбындағы қазақ тілін жақсы білетін оқушыларды Бейнелеу өнері мұражайына саяхат жасау арқылы "Білгенге маржан!" тақырыбында сыныптан тыс сабақ болып өтті. Бейнелеу өнері мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат Республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Оқушылар мұражайдың экспозициялық залдарымен танысып, тамашалады. Балалар үшін бұл маңызды оқиға, олар қызығушылықпен жаңа ақпаратты қабылдады және жаңа әсерлерімен бөлісті. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.




