Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
12
ноябрь
2024

СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2024-жылғы 06-қарашадағы №2-12-24-03185 хатының негізінде 2024-жылдың 12-қараша күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жер сілкінісі» сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. 
Сейсмикалық жаттығуға барлық мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлер және оқушылар қатысты.
Мектеп оқушылары мен қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз алаңға шығарылды, зардап шеккен оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ал сыныпта қалып қойған оқушылар қауіпсіз орындарға (партаның астына, оқу кабинетіндегі есіктің жақтаулары мен бұрыштарға) жасырынды.
Мектепішілік оқу-жаттығу аясында барлық сыныптарда «Жер сілкінісінің зардаптары», «Жер сілкінісі орын алған жағдайдағы іс-әрекет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара соңында мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова мен АӘД жетекшісі Ш.Ф.Исатаев сөз сөйлеп, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне орай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алғыстарын жеткізді.
Сейсмикалық жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай болған жағдайда, оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қалай әрекет етуге үйрету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу; 
Қажетті теориялық білімдер, практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; 
Өзін-өзі қорғай алатын, күнделікті тыныс тіршіліктен хабардар, сезімтал, жан - жақты тұлға тәрбиелеу.









и ещё 13


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив