24
октябрь
2024
ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒ
ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ
Шымкент қаласы әкімінің 29.08.2024 ж. №21-03-02-06\1013-И хатының негізінде және Шымкент қаласы ТЖД-нің жылдық жоспарына сәйкес 24.10.2024 ж. күні сағат 11-00 де Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп базасында төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын үйрету, авариялқ-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен әдістерін білуге бағытталған №27 ЭЖП оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
№27 эвакуациялық жинау пунктінде он екі топ жұмыс жасайды.
ЭЖП басшысы мен орынбасары және комендант аумақты зерттеп, орындардың қажеттілігін анықтап, қажетті жиһаз, жабдықтар мен байланыс құралдарын жеткізеді.
Эвакуация жарияланғаннан соң :
- Тез уақытта ЭЖП –ға келіп, жұмыс орындарын жабдықтауға кірісу;
- Қалалық радио жүйелерімен жергілікті байланысты ұйымдастырады;
- Аумақ пен жай ішінің санитарлық жағдайын бірқалыпты жағдайда ұстайды.
Эвакуациялық жинақтау пунктінің жаттығулары мына төмендегі кезеңдер бойынша орындалады:
- Тіркеу және есепке алу тобы, бірінші кезекте келген тұрғындарды тіркеп, есепке алу жұмысын жасайды
- Тұрғындарды тіркеу барысында, тәртіпсіздіктердің орын алмау жағдайын бақылау қоғамдық тәртіп сақтау тобына жүктеледі.
- Осы уақытта халық арасынан қан қысымы көтерілген, қолы сынған тұрғындарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде, медициналық топ жұмысқа кіріседі
- «Ана мен бала» тобының жұмысы әйелдер мен балаларға көмектесіп, психологтар тұрғындарды сабырлыққа шақырып, психологиялық көмектерін ұсынады.
- Жиналған тұрғындарды «көлікпен қамтамыз ету тобы» күту залындағы «автоколоннаны ұйымдастыру тобымен» эшелондарға тиісті орындарға жөнелтеді.
Барлық қызмет көрсету бөлімдері өз міндеттерін пысықтап, қызмет көрсету орындарын қажетті зат-бұйымдарымен қамтамасыз етті. Жаттығу барысында ЭЖП басшылық тарапынан кемшіліктер талқыланды, түзету жолдары көрсетіліп, тиісті нұскаулықтар берілді.
и ещё 14
Все реакции:13Шымкент Қаласының Білім Басқармасы, Калима Оспанова и ещё 11