Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
06
март
2025

«ҚЫЗ ЕРКЕМ, БҰРЫМЫМЕН КӨРКЕМ» БАЙҚАУЫ

«ҚЫЗ ЕРКЕМ, БҰРЫМЫМЕН КӨРКЕМ» БАЙҚАУЫ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-7 сынып оқушылары арасында «Қыз еркем, бұрымымен көркем» атты байқау өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – қазақ қыздарының бойындағы табиғи сұлулықты, әсемдікті дәріптеу, ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтау және жас ұрпақтың бойына қазақ халқының мәдени құндылықтарын сіңіру болды.
Байқауға төмендегі оқушылар қатысты:
1. Қуат Айсана – 6 «А» сынып
2. Төребек Назым – 6 «Ә» сынып
3. Нармухамедова Чарос – 6 «Б» сынып
4. Тешебаева Сабина – 6 «Д» сынып
5. Абдурасулова Севинч – 7 «А» сынып
6. Ертайқызы Ақмейір – 7 «Ә» сынып
7. Долгих Виктория – 7 «В» сынып
Қатысушылар байқауға жоғары деңгейде дайындалып, өз өнерлерін тамаша көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Сайыс барысында қыздар өздерінің талғампаздығы мен шығармашылық қабілеттерін танытып, сұлулық пен өнердің үйлесімін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша:
🔹 Бас жүлде – 7 «Ә» сынып оқушысы Ертайқызы Ақмейір
🔹 I орын – 7 «В» сынып оқушысы Долгих Виктория
🔹 II орын – 6 «Ә» сынып оқушысы Төребек Назым
🔹 III орын – 6 «А» сынып оқушысы Қуат Айсана
Бұл байқау мектеп оқушылары үшін үлкен әсер қалдырып, қазақтың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. Қатысушыларға шығармашылық табыс пен сұлулықтарын одан әрі аша түсулерін тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив