21
апрель
2025
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2 «А» сыныбында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, жауынгер бабаларымыздың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар соғыс жылдарындағы батырлар туралы мағлұматтар алып, олардың ерліктерімен танысты. Балалар жауынгерлердің өмірінен сыр шертетін өлеңдер оқып, қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, Жеңіс күніне арналған әндер шырқалып, майданнан келген хаттардан үзінділер оқылды.
Іс-шара келесі мақсаттарды көздеді:
1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіру, батырлардың ерлігін дәріптеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
2. Жеңіс күніне орай тарихи сана қалыптастыру, жас ұрпақты елінің өткені мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
3. Батыр аталарымыздың есімін есте сақтап, олардың ерлік жолын үлгі ету арқылы патриоттық рухты нығайту.
4. Оқушылардың бойына мейірімділік, бейбітшілік, елжандылық сынды асыл қасиеттерді дарыту.
Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, әсерлі де мазмұнды өтті. Балалар өз елінің тарихына деген қызығушылығын көрсетіп, Отанды сүюдің, бейбіт өмірдің қадірін түсінудің маңызын терең сезінді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың рухани дамуына, ұлтжандылық қасиетінің қалыптасуына ықпал етеді.