Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
04
февраль
2025

"ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

"ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін 8 "Б" сыныбында "Желтоқсан желі ызғары" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен маңызын түсіндіріп, ел тәуелсіздігі жолындағы күрескер тұлғалардың ерлігін насихаттау.
Сабақ барысында оқушылар Желтоқсан көтерілісі туралы тарихи деректермен танысып, сол кезеңдегі қиыншылықтар мен ел бірлігі үшін жасалған ерлік әрекеттерді талқылады. Шарада патриоттық әндер шырқалып, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Желтоқсан батырларына арналған өлеңдер оқыды.
Ашық тәрбие сағаты жас ұрпақты елін, жерін сүюге, тарихи оқиғаларды құрметтеуге тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болды. Оқушылар желтоқсан қаһармандарының қайсарлығынан үлгі алып, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге ынталанды.












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив