14
апрель
2025
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ
2024–2025 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспары аясында, ҚР Қарулы Күштерінің позитивті имиджін насихаттау, жастарды әскер қатарында қызмет етуге даярлау және шақырылуға дейінгі жасөспірімдерді әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 9 сәуір күні 10-сынып оқушыларымен Абай саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллеяға тағылымды саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихқа тағзым етуді дарытуға бағытталды.
Мектеп оқушылары үшін бұл саяхат — ел тарихына деген құрметтің, батыр бабалар ерлігіне тағзымның, әрі болашақ сарбаздар ретінде жауапкершілікті сезінудің бір көрінісі болды.

