24
январь
2023
МЕН - ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН!
МЕН - ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН!
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық білім басқармасы Әдістемелік орталығының 19.01.2023 ж. №24 хаты негізінде «Шымкент қалалық Ауған соғысы мүгедектер қоры» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жоспарына сәйкес Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу, жастардың дене шынықтыру, әскери-қолданбалы және техникалық дайындығын жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Мен – өз отанымның батыл қорғаушысымын!» атты тақырыбында әскери-қолданбалы спорттық сайысы Еңбекші ауданының №24, 38, 39, 46, 65, 101, 63, 94, 96, 97, 127, 104, 30, 36, 41, 43, 44, 120 жалпы орта білім беретін мектептері арасында өткізілді. Қалалық ақтық сайысқа №99,63,96 мектептері жолдама алды.
Мақсатымыз: Оқушыларды ел патриоты болуға, елін, жерін, Отанын қорғауға, аянбай еңбек етуді және оқушылардың арасында әскери - патриоттық спорттық сайыстарды насихаттау және дамыту болып табылады.


