Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
06
май
2025

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН! 
 Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 5 «А», 7 «Г» сыныптарында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты сынып сағаты өткізілді.
 Бұл шараның мақсаты — оқушыларға батырлық пен ерліктің мәнін ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және батыр бабаларымыздың ерлігін мақтан етуге тәрбиелеу.
 Сынып сағатында балалар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батырларымыз туралы тың деректермен танысты. Ерлік туралы өлеңдер оқылып, патриоттық бейнероликтер көрсетілді.
Балалар ерлік туралы өз ойларын айтып, батыр болудың тек соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де тәртіпті, білімді, мейірімді болу екенін түсінді.
 Осындай тәрбиелік шаралар арқылы ұрпағымыздың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды сіңіруді жалғастыра береміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив