20
октябрь
2023
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің Мектеп парламенті Республика күніне орай «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған челленджін жолдайды.
Челлендж барысында мектеп оқушылар әртүрлі сәнді, көздің жауатын алатын қазақтың ұлттық киімдерін киді. Сонымен қатары оқушылар ұлттық әшекей бұйымдарын да қолдарына алып олардың тарихынан сыр шертті.
Халқымыздың өткен тарихына,өмір тіршілігіне үңіле қарасақ,оның салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында үйренер, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғастырар талай тағылымды ұлағат бар екені жайлы сөз қозғалды.
Мақсаты: қазақы нақышта киініп, ұлттық киімді дәріптеу, бабадан аманат болған ұлттық құндылықтарды жаңғырту, елін, жерін, дәстүрін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу, халықтың патриоттық сезімін нығайту, мәдени құндылықтарын құрметтеу, ұлттық мәдениетті сақтау және дәріптеу болып табылады.





