Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
30
сентябрь
2023

АЙТЫСКЕР АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ

 Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30  жалпы орта білім беретін мектебінде «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловпен кездесу кеші өтті. Айтыс тақырыбында өрбіген дөңгелек үстелде Н.Есенқұлов  өзінің  айтыс өнеріне қалай қызығушылық білдіргені және рухани құндылықтар мен ұлттық өнерімізді  өскелең ұрпаққа дәріптеу  бойынша әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Аталған кездесуді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоқаев Нұркен  жүргізіп отырды. Кездесу аясында оқушылар ақынға айтыс өнері мен ақынның шығармашылығы  жайында сұрақтар қойып, пікір алмасты. Айтыс өнерінің ақтаңгері атанып жүрген Нұрлан ағамыз кездесу соңында мектеп ұстаздары мен оқушыларына арнау өлеңін тарту етті. Ақын Нұрлан Келдібекұлы тәрбиелік мәні зор кездесудің өтуіне ұйытқы болып отырған мектеп ұжымына, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғысын білдірді.
Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы  айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловқа арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдіріп, ақынға шапан жауып, шығармашылық шабыт тіледі.  «Ақындар айтысы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған кештен көпшілік ерекше әсер алып тарқасты.
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив