Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » АЙТЫСКЕР АҚЫН БІРЖАН БАЙТУОВПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
27
январь
2023

АЙТЫСКЕР АҚЫН БІРЖАН БАЙТУОВПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде белгiлi ақын, айтыскер, көптеген Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовпен кездесу кешi болды. Кездесуді ұйымдастырушы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоқаев Нұркен Лесбекович. Кездесу барысында Біржан Байтуов өмірбаянына шолу жасалып, айтыскер ақын болуының бірден бір себепкері анасының жастайынан кітап оқуға баулығаны жайлы атап өтті. Айтыскер, ақын оқушылардың қойылған сұрақтарына көңілге қонымды жауап берді. Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Біржан ағамыздың білімділігі мен сөзге шеберлігі соншалық бір сағатқа созылған шығармашылық кездесу бес минуттай тез өтіп кетті.  Рухани азық беретін осындай іс-шаралар оқушылар үшін ауадай қажет. Әсіресе жастардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігін тигізері хақ. Жалпы айтқанда ақынның балалық шағы, бала арманынан бастап алға қойған мақсаттарына дейін айтылуы керек болған дүниенің барлығы қозғалды десек те болады.Тамаша кеш соңында мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін жаудырды. Сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, мектеп ұжымына ақ тілегін арнап, оқушылармен, мектеп ұжымымен естелікке суретке түсіп, өзінің «Бізден де өтер жиырма бес...» атты кітабына қол таңбасын қалдырып, мектеп кітапханасының қорына сыйға тартты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив