Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «СВОЯ ИГРА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
19
апрель
2023

«СВОЯ ИГРА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Зияткерлік ойын оқушыларды бірлескен шығармашылық қызметке белсенді қосуға мүмкіндік береді, оқуға деген қызығушылықты дамытады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімі мен дағдыларының сапасын, олардың тәуелсіздік деңгейін арттырады. 
Бүгін «Тіл және тарих – ғасыр өсиеті» жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тохаев Н.Л., орыс тілі пәнінің мұғалімі Васенкова Е.В., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Вобликова Е.А. және Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Исаева Л.М. ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында «Своя игра» («Өз ойыным») интеллектуалды ойыны өтті.  Ойынның басында оқушылар тақтадан сан жазылған қағаздарды таңдап, сол бойынша орындыққа отырды. Ойында қызықты тапсырмалар мен сұрақтар дайындалды. Балалар «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы» және «Дәстүрлер» секілді бөлімдердегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара қызықты және сонымен бірге сыни ойлауды дамыта түсті. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ойынның нәтижесі бойынша, І орынға 5 «Г» сынып оқушысы Базиловская Марина, ІІ орынға 5 «Б» Сапаралиев Аслан, ал ІІІ орынға 5 «В» сынып оқушысы Арсланов Алан  ие болды. Ойын соңында оқушыларға диплом мен мотивацияларын арттыру мақсатында сыйлықтарды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова К.А. табыстады. 
. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив