06
апрель
2023
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС
2023-жылдың 05-сәуірінде Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тіл мен тарих – ғасыр өсиеті» онкүндігі аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 9-сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында сабақтан тыс интеллектуалды ойын сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Ойын арқылы білім беру, оқушылардың білімдерін жинақтап, тапқырлыққа баулу. Ойын барысында білім алушылар "50/50", "Досыңызға қоңырау шалыңыз", "Залдан көмек" сынды жеңілдіктерді пайдаланды.
Сайыс барысында оқушылар 3 топқа бөлінді. Олар: «Эрудит», «Полиглот» және «Знатоки». Интелектуалды ойын өз дәрежесінде тартысты да қызық өтті.
Іс - шара соңында «Знатоки» тобы 1-орынға, «Полиглот» тобы 2-орынға, ал «Эрудит» тобы 3-орынға ие болып, әр топқа сертификаттар табыс етілді.
Сайысты ұйымдастырушылар: Мырзабекова М.Д., Ташенова Ж.Б., Клоос Е.П.


