Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2023

БІР ЖҰМЫС КҮНІМЕ ШОЛУ

Аптаның соңғы жұмыс күніне шолу немесе "осы мектеп директоры күні бойы не істейді?" дегендердің сұрақтарына жауап.
Әдеттегідей күніміз оқушыларды қарсы алумен басталады, асханадағы ас мәзірін тексеріп, ауладағы жағдайды бақылап, кабинетке кіресін. 
Бүгін зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарын құттықтап, марапаттадым. Бала үшін ол үлкен мотивация! 
Аудандық пән олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесіп, олимпиададағы тапсырмалар мен эссе тақырыптарын талқыладық, ал қалалық деңгейге өткен үш оқушыға сәттілік тіледім. Енді олардың дайындығын қадағалау, жүлделі орынға иеленуі кезектегі мәселе. 
Бір сағат уақытымды 10-шы сынып қыздарына арнауға тұра келді "Өмірлік сағатын" өткіздім. Байқағаным, осындай шынайы әңгіме қыздарға өте қажет. Сырластық, десем де болады.
Жоспарға сәйкес бастауыш сынып апталығының ашылуына қатысып, балалардың керемет концертін тамашалап, қол өнер көрмесіне қатысқандарды марапаттадым.
Кезекте сабағым да басталды. 7сыныптарға сабақ өттім. 
Бір оқушыға қатысты комиссия отырысына, кейін
Басқармадағы жиналысқа қатыстым. Сонымен жұмыс күнім қалай өткенін байқамадым. 
Арасында келген хаттарды жолдау, бұйрықтар, т.б.
Ал, енді келесі аптаны жоспарлауым қажет.
Алдағы демалыс күндеріміз сәтті өтсін, отбасыларыңызға арнаңыздар, әріптестер!!!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив