Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » “БІЛІКТІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ”
18
апрель
2023

“БІЛІКТІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ”

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен ағылшын тілі лигалары наурыз айындағы аудандық іріктеу турнирінен ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, қалалық турнирге жолдама алған болатын. Сәуір айының 15 күні Мәншүк Мәметова атындағы №35 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білікті ұстаз – сапалы білім кепілі» тақырыбында мұғалімдер арасында пікірсайыс турнирінің финалы өтті. Оған аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Кубок үшін қаланың үздік ұстаздары күресті. Турнирге мектебімізден ағылшын лигасының «The logical speakers» фракциясы Хабибдиярова Феруза мен Бектурғанова Айгерім, ал орыс лигасында «Сознательное поколение» фракциясы Ильхамжанова Барно мен Сапарәлі Маржан қатысты.
   “Білікті ұстаз – сапалы білім” атты пікірсайыс турнирінде әріптестеріміз керемет ойын үлгісін көрсетті. Өкінішке орай, біздің орыс лигасы финалға өте алмады, қарсыластар өте күшті болды. АПФ форматында ағылшын лигасы ширек финалға суырылып шығып жүлделі 3 орынға ие болса, ЛД форматында ең жоғары спикерлік балды жинап, финалда тартысты ойын көрсетіп, әріптесіміз Хабибдиярова Феруза “Ең үздік спикер” номинациясына қоса ие болды. Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы құттықтап, жылы лебізін білдіріп, диплом мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
________________________________

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив