Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
03
апрель
2023

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 2023 жылы 01-сәуір күні Шымкент  қаласы  білім басқармасы  «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының»  ұйымдастыруымен  
Қазыбек би атындағы №36  жалпы орта білім беру мектебінің базасында өткен «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!» тақырыбында Еңбекші ауданына қарасты білім беру мекемелерінің педагогтері арасында  аудандық дебат турнирі өтті. Мақсаты – “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, кеңінен насихаттау болды. 
      Еңбекші ауданына қарасты білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен дебат турнирінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебіміздің ұстаздары ұшқыр ойларымен ерекшеленіп, өз шеберліктерімен  төрешілердің ерекше ілтипаты мен назарына ие болды.  
Қазақ лигасы бойынша:  
"Үздік кейс"  номинациясына ие болған "Алаш көшбасшылары" фракция мүшелері Тохаев Нуркен мен Арнауытов Арафат  марапатталды. 
Орыс лигасы бойынша:  
ІІ орынға ие болған "Сознательные поколение" фракция мүшелері Ильхамжанова Барно мен Сапаралы Маржан дипломмен марапатталды. 
Ағылшын лигасы бойынша:  
ІІІ орынға ие болған "The logical Speakers" фракция мүшелері Бектурганова Айгерім мен Қалдыбай Зарина дипломмен марапатталды. 
Қара сөздің сөз маржанын тізбектей білген, көркем сөздің шебері болған жеңімпаздарды мектебіміздің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы құттықтап, биік-биік белестерді бағындырып, әрдайым мектебіміздің мәртебесін көтере беріңдер, - деген ыстық ықыласын білдірді.
Жеңіске жеткен әріптестеріміздің жеңісі тұғырлы болсын! Аудандық кезеңнен жеңіске жеткен орыс лигасы мен ағылшын лигасы қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңге сәттілік тілейміз! 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив