26
апрель
2023
ҰСТАЗДЫҢ МЕРЕЙІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІМЕН ӨЛШЕНЕДІ
Бала бойындағы дарындылықты көре білу - мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты, жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Мектебімізде осы бағытта жұмысты нәтижелі жүргізетін мұғалімдеріміз С.Е. Бейбитбаева мен Е.И. Тамарованың шәкірттері Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы, «Дарын» орталығы, «Экология, өлкетану және туризм орталығы» ұйымдастырған «Абай әлемі», «Мәшһүр Жүсіп оқулары» , «Пушкинские чтения» шығармашылық байқаулары мен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып отыр. Тәжірибелі әріптестерінен үлгі алып, шәкірттерінің бойына әдебиетке, шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті сіңіртіп жүрген М.Д.Мырзабекованың да оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.
Бүгінгі күннің жеңімпаз оқушыларын мектеп директоры Сихамбекова Жансулу Абдразаковна құттықтап, дипломдарын табыстады.
Барлық марапатталған оқушылар мен олардың тәлімгерлеріне бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!


