27
март
2023
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2023-жылдың 24-наурыз күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңеске ұжым мүшелері толық құрамда қатысты. Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова жүргізді. Педагогикалық кеңесте бірнеше мәселелер кеңес құрамының талқысына салынды:
1. ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы мониторингісі, оқу бағдарламаларының орындалуы (Шестакова Л.Б.);
2. Баяндама : «Тәрбие бағытындағы жобалар- оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру негізі» ( Оспанова К.А.)
3. Баяндама: «Балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі» (Скендрова Г.С.);
Жүргізілген психологиялық жұмыстар туралы (буллинг, суицидтің алдын – алу, ерте жүктіліктің алдын алу), (Момбаева Қ.Қ.);
4. Мектептегі дебат жұмысының жүйелі жүргізілуі туралы. «Дебат – жастардың интеллектуалдық (танымдық) және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған пікірталас нысаны» (Тохаев Н.Л., Ильхамжанова Б.Қ., Хабибдиярова Ф.И.);
5. Әртүрлі мәселелер.
Білім сапасы жан-жақты қаралып, осы оқу тоқсанның үздік оқушыларының үлгерімі талқыланды. Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы педагогикалық кеңесті қорытындылап, келер оқу тоқсанына мектеп ұжымына сәттілік тіледі.




